420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбіт жиналыстарда журналист қалай әрекет етуі керек

  • 199
  • UPD: 16:02, 18.08.2020
Бейбіт жиналыстарда журналист қалай әрекет етуі керек BaigeNews.kz

2020 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы» № 279 бұйрықты бекітті.

Қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 13-4) тармақшасына сәйкес ЮНЕСКО-ның Бейбіт жиналыстарда журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып әзірленді.

Қағидалар БАҚ-тың жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, атап айтқанда мынадай негізгі ережелер көзделген:

1) журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін (сұхбат беру, брифингтер) жергілікті атқарушы орган журналистерді БАҚ үшін жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ бейбіт жиналыс өткізу кезінде өз өкілінің қатысуы жөнінде шаралар қабылдайды;

2) БАҚ үшін жедел баспасөз орталығына бірыңғай талаптар белгіленеді;

3) айырым белгілерінің нысандары белгіленеді.

Ақпарат көзі: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Хабар 24 телеарнасы