424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар бала табылды

  • 194
  • UPD: 16:34, 18.08.2020
Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар бала табылды

Шымкенттік полицейлер жоғалып кеткен үш жасар баланы аман-есен тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

15 тамыз күні сағат 21:30 шамасында 102 нөміріне Әл-Фараби ауданының тұрғыны баласының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Бұл хабарлама бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкінің №966 автоэкипаж қызметкерлері Б.Ахметов және С.Абилов шұғыл іздестіру шараларына кіріскен. Жедел әрекеттің нәтижесінде үш жасар бүлдіршін Әл-Фараби ауданы Д.Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласынан табылып, аман-есен анасына жеткізілді. Балақайдың анасы оқыс оқиғаның алдын алып, ұлын дін аман тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы