428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда су тапшылығы бұлақ көзін ашуға мәжбүрлеп отыр

  • 161
  • UPD: 17:38, 18.08.2020
Оралда су тапшылығы бұлақ көзін ашуға мәжбүрлеп отыр

Оралда шіліңгір шілдеде суға сұраныс 45 мың текше метрден 65-ке бірден көтерілді. Мамандар оны тұрғындардың жаппай бау-бақша суаруымен байланыстырып отыр.

Салдарынан құбырлардың қысымы төмендеп, тот басқан су аға бастаған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, сол себепті тіршілік нәрін кесте бойынша беруге тура келген . Бүгінгі таңда су жүйесі толық ретке келтірілді. Бірақ жауапты мамандар келер жылы жағдай бұдан да қиын болуы мүмкін дейді. Осыған байланысты 6 жерасты бұлақ көзін қазу жөнінде жоба сараптамаға жіберілді. Облыс орталығында жыл сайын кәріз желілерін жаңартуға қомақты қаржы жұмсалады. Қазір оның 30 шақырымы жөнделіп жатыр.

Абат Шыныбеков, қала әкімі:

- Бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Бұл әрине Жайық өзенінен ашық су көзінен алатын судың мөлшерін көбейту. Жерасты су көздерін қосымша іске қосу. Қалаға келіп тұрған Камен топты су құбырының жүйесіндегі суды қаланың Зашаған және Деркул кенттеріне пайдалану үшін қосу жұмыстары жүзеге асырылды. Қаламыздың кәріздік желісінде жүріп жатқан үлкен ауқымды жобалар, 19А қысымды кәріздік желісі  аяқталып келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы