429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жас сарбаздар әскери ант қабылдады

  • 194
  • UPD: 17:43, 18.08.2020
Атырауда жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Атырау гарнизоны әскери бөлімінің саптық алаңында Түркістан және Алматы облыстарынан шақырылған 85 сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

Биыл карантиндік шектеулерге байланысты әскери қызметшілердің ата-аналары мен туысқандары Отан қорғаушылардың ант қабылдау рәсіміне қатыса алмады. Алайда туыстарынан келіп түскен хаттарды командирлер әскери трибунадан оқып берді. Енді сарбаздар «кіші мамандарды даярлау» бағдарламасы бойынша әскери дайындықты бастайды. Алдағы уақытта оларды бірінші оқу-жаттығулары, жаяу шеру мен атыс дайындықтары күтіп тұр. 

Руслан Скобцов, жас сарбаз:

- Бізді 1 айдың ішінде офицерлер мен сержанттар көп дүниеге үйретті. Мен бір жылдық әскери борышымды атқаруға дайынмын. Осы сәтті пайдалана отырып, Алматы облысындағы Сарканд қаласындағы ата-анама, достарыма, туысқандарыма сәлем жолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы