420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шиелідегі инфекциялық стационардан соңғы науқас жазылып шықты

  • 142
  • UPD: 19:57, 18.08.2020
Шиелідегі инфекциялық стационардан соңғы науқас жазылып шықты

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы инфекциялық стационардан соңғы науқас жазылып шықты.

Ал провизорлық орталықта өкпесі қабынған тек бір ғана науқас қалған. Індет басталғалы ауданда 292 адам коронавирусқа шалдығып, бүгінге дейін 273-і айығып шыққан. Ауру белгілері жоқ тоғызы үй жағдайында бақылауға алынған. Аудандық аурухананың мәліметі бойынша күн сайын 30 ПТР тест алынады. Осы уақытқа дейін барлығы 4 мың 300 сынама тексерілген. Вируске қарсы күреске медицина қызметкерлерімен қатар 5 мобильді топ тартылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы