420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда қоғамдық орында қорқор шеккен екі адамға айыппұл салынды

  • 132
  • UPD: 17:57, 18.08.2020
Талдықорғанда қоғамдық орында қорқор шеккен екі адамға айыппұл салынды

Талдықорған қаласында қоғамдық орында қорқор шеккен екі тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында облыс орталығындағы қоғамдық орындардың бірінде түнгі уақытта екі адамның кальян шегіп отырғанын анықтаған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары қос азаматқа да тыйым салынған орында темекі бұйымдарын, оның ішінде қорқорға арналған темекіні тұтынғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

«Жергілікті блогерлердің бірінің парақшасында қаламыздың көрікті жерлерінің бірінде жігіт пен қыздың кальян шегіп отырғаны туралы ақпарат шықты. Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша аталған орынға жедел жеткен тәртіп сақшылары 18 жастағы жігіт пен 21 жастағы бойжеткенге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 441-бабына сәйкес хаттама толтырды», – деп атап өтті Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

Хабар 24 телеарнасы