420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аралдағы балық зауыты шиікзатты Ресейден сатып алмақшы

  • 264
  • UPD: 21:59, 18.08.2020

Аралдық кәсіпкерлер теңіздің төңірегіндегі көлдерде балық өсіруге ниетті. Өйткені өңірдегі балық зауыттарына шикізат жетіспейді. Тіпті су маржанын Ресейден алып өңдеуге бел буған кәсіпорындар бар.

Мәселен мына зауыт жылына 4 жарым мың тонна балық өңдей алады. Бірақ өндіріс орыны бүгінде жартылай қуаттылықпен ғана жұмыс істеп тұр. Мұндай мәселе аймақтағы барлық балық өңдеушілерге тән. Теңіздің лимитін тауысып, көлдерден үлес алғанмен де кейбірі шикізатты сырттан тасуға мәжбүр. 

Әділбек Айымбетов, балық өңдеу зауытының директоры: 

- Аралда 6 мың 800 тоннадай квота бар жылына бір аулайтын балық. Ол бізде зауыттарды салып тастаған азаматтар. Сол зауыттардың қуаттылығы 2-3 есе. Сол себепті біз қазір жан-жақтан балық аламыз. Ендігі біздің қазіргі ойымыз Ресейден де балық сатып алу ойымызда бар. Соны өңдеп, Ресейдің өзіне қайта сатамыз. 

Биыл Арал өңірінің Ақшатау көлінде тауарлы балық шаруашылығы құрылып, уылдырық шайқау цехы мен арнайы тоғандар іске қосылды. Мұндай жоба Қамбаш көлі маңында да қолға алынбақ. 4 кезеңнен тұратын жоба ясында Бөген елді мекенінен тоңазытқыш салынып, 400 тонна терең өңделген дайын өнімді экпортқа шығаратын қуаттылығы 400 тонналық цех іске қосылған. 

Жұлдызай Айтжанова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары: 

- Бүгінгі күні облыс бойынша 13 тауарлы балық өсіретін шаруашылық жұмыс жасауда. Өткен жылы осы шаруашылықтармен 144 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы тауарлы балық шаруашылықтарының саны 30-ға дейін, өндірілетін балық көлемі 477 тоннаға жеткізілетіні жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ теңіз байлығын сақтап қалу үшін биыл Көкарал бөгетіне балық қорғау қондырғылары орнатылған.

Мамандардың айтуынша, бұл құрылғы жыл сайын Ұлы теңізге өтіп кетіп, қырылып жатқан миллиондаған шабақты аман алып қалуға және балық өрлеу жолдарын ашуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы