421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отанға» өтініш жазғандар саны былтырдан бес есеге көбейген

  • 182
  • UPD: 22:03, 18.08.2020

«Нұр Отанға» жүгінетіндердің қатары көбейді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұқара базынасын тыңдады. Елдің шымбайына батқан мәселе көп. Әсіресе табысынан қағылғандар партия көмегіне көбірек жүгінетін көрінеді. Сондықтан Бауыржан Байбек жұртты жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аудару керектігін айтты. Небәрі 7 айда 270 мың адам өтініш жазған екен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. 

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасы кеше ғана жұмыспен қамту мәселесіне жіті көңіл бөлу керектігін айтқан. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажет. Егер адамдардың істейтін жұмысы болса, олар көмек сұрап келмейтін еді. Әрбір әкім осыны қаперге алуы тиіс. 

Жақында партия ішінде іріктеу басталады. «Нұр Отан» ең белсенді дегендерін таңдап алмақ. Партия атынан билікке баратындардың тең жартысы жастар мен әйелдер болады. Жастарға 20, ал әйелдерге 30 проценттік квота беріліп отыр. Бұл мүмкіндікті ешкім қалт жібергісі келмейді. Небәрі екі күнде праймеризге қатысу үшін 2 мың адамнан өтініш келіп түскен. 

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Президенттің тапсырмасы бойынша жастар мен әйелдерге квота берілді. Егер сен елге қызмет етуге дайын болсаң, тың ойларың болса, праймеризге қатыс. Ешкім шектеу қоймайды. Барлығы ашық өтеді. Ел ішіндегі мәселені шешуге атсалыс.

Хабар 24 телеарнасы