421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі шағын ауданның шешусіз проблемаларынан тұрғындар шаршады

  • 190
  • UPD: 23:18, 18.08.2020

Өскемендегі 23-ықшам аудан тұрғындары қоғамдық көлікке зәру. Мұндағы 6 мыңға жуық тұрғын талай жылдан бері қала орталығына жету үшін ауданаралық автобусқа отыруға мәжбүр. Шағын ауданда не балабақша, не мектеп жоқ. Жергілікті жұрт  бұл мәселелерді талай рет жауапты орындарға хабарлап шағым хат та жолдапты. Алайда біткен іс көрінбейді.

23-ықшам аудан тұрғындары өздерін әкімдік назарынан тыс қалғанбыз деп санайды.Өйткені басқа игілікті былай қойғанда, алты мың тұрғыны бар ауданды жергілікті билік уақтылы әрі жиі қатынайтын қоғамдық көлікпен қамти алмай келеді. Ал ата аналар болса, бала-шағасын таңдаулы мектепке, мықты спорт үйірмелеріне бере алмай отыр.

Динара Каримова 23-шағын аудан тұрғыны:

- Жанталасып алыс болса да сол жаққа апарамыз,балам менің боксты ұнатады,балалардың үйірмелері жоқ мында, бармай қалдық біз,+15.04.46 өйткені аудан мүлдем қараусыз қалған ауданға жатады деп ойлаймын.

Виктор Литвинов 23-шағын аудан тұрғыны:

- Бәленбай жыл дегенде биыл бір көшеге жол салды.Соны толық бітірсін ең бастысы сол жолмен енді қоғамдық көлік жүргсізсін. Жарықтандыру ол жүргізілген жоқ.Біз көп нәрсе сұрап отырғанымыз жоқ кәдімгі ең қажетті деген игіліктерді талап етеміз.Осыған дейін де талай рет айтқанбыз. 

«Бәрі болады» деген уәденің қадірі кетті дейді жұрт. Сондықтан әкімдік өкілдеріне айтар базынасы көп.

- Халықты ашындырмау деген осы ма, халық ашынғаннан кейін шығады осылай әйтпесе шықпайды ешқашан. 

Тұрғындар халық игілігі үшін қабылданып жатқан мықты мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерге жеткенде жырым-жырым болып, нәтижесіз қалатынына налиды.

Алтынай Наурызбайқызы 23-шағын аудан тұрғыны: 

- Қаншама халық міне жұмысын тастап, бала шағасын тастап осы жерде тұр, ешкім еріккеннен тұрған жоқ, мына жақта кісілер қол көтеріп тұрады қыста, сақылдаған сары аязда+кіпкішкене балалар қор көтеріп  тұрады. 

Бұнда биыл алғаш рет 3 шақырымнан астам жол жөнделді. Әкімдік өкілдері аудан ішін айналып өтетін осы жалғыз жайлы жолмен енді қоғамдық көлік жүргіземіз деп сендірді.Тұрғындарды қыркүйекке дейін күтуге шақырды.

Әби Әлменбетов, «Жолаушылар тасымалы орталығы»ЖШС директоры:

- 253-маршрутка схемасын ұзартамыз 3 шақырым 300 метрге, әрине маршрутканы жүргізгенде автокөлік саны да көбейтіледі. Сұранысқа байланысты.

Зейнеткер Шәкім Байғалиевті балалардың жайы алаңдатады. Қария немеремеді серуендету үшін жаңадан төселген  жалғыз тас жолмен жүруме тура келеді дейді. Өйткені басқа амал қайсы. Балалар алаңы деген атымен жоқ. 

Шәкім Байғалиев, зейнеткер:

- Балалардың бәрі сол топтанып жүреді.Ойнайтын жер жоқ,мына жақта шөп,мына  жақта ағаш,өсімдік бұта оның ішіне кіріп кетеді,иттер жүреді,балалар жүреді. 

Әзірге ойынқұмар балалар бұзылған үйлерді  де ермек етуде. Қауіптілігін де ескерер емес. Барлығы темір терсек пен бетон маңында асыр салуда.

Айта кету керек, халық қалаған балабақша мен мектептің де бұл жақта жақын уақытта салынар түрі көрінбейді.Білім бөлімі ондай шаруа жоспарланбаған деп отыр.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы