421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Телерадиохабар тарату желісіндегі профилактикалық жұмыстар туралы фейк тарап жатыр

  • 202
  • UPD: 23:18, 18.08.2020
Телерадиохабар тарату желісіндегі профилактикалық жұмыстар туралы фейк тарап жатыр

WhatsApp мессенджерінде жерсеріктік және эфирлік телерадиохабар тарату желілерінде Жоспарлы алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы жалған ақпарат тарауда.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы ретте халықтың үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенуін сұрайды.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадиохабарларды сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңарту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

call-center: 193, +7(727) 2 581 500, 7193

e-mail: abonent@otautv.kz

Дереккөз: Otautvkz

@aqparatqogam

Хабар 24 телеарнасы