429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды

  • 196
  • UPD: 09:54, 19.08.2020
Шымкент тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды Ult.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысу және жалған алкоголь өнімін сату дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған алкоголь өнімін жасау бойынша жасырын цех қызметін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Цехті тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы анықталды.

Еңбекші ауданы сотының үкімімен Шымкент қаласының тұрғыны ҚР ҚК 214-бабы 1-б. (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) және 233-бабының 2-б. (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сәйкес кінәлі деп танылып, алынған заттарды тәркілеумен айыппұл салынды.

Көрсетілген айғақтық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды.

Хабар 24 телеарнасы