421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экологиялық құқық бұзушылық үшін 18 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

  • 175
  • UPD: 10:31, 19.08.2020
Экологиялық құқық бұзушылық үшін 18 мыңға жуық адам жауапқа тартылды Polisia.kz

«Таза Қазақстан» жедел алдын алу шарасы кезінде экологиялық құқық бұзушылық үшін 18 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикада экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Профилактикалық іс-шараны ІІМ экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп өткізеді.

Патрульдік полиция қызметкерлері мен ЭГТРМ өкілдері құрамындағы ұтқыр топтар адамдар көп жиналатын орындарды (демалыс аймақтары, орман алқаптары, жағажайлар, су айдындары және т.б.) тексерулермен қамтыды.

Рейд барысында полицейлер абаттандыру, жасыл желектердің бүлінуі, су пайдалану және балық аулау ережелерін бұзбау туралы ескертіп, азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Алайда ескертулерге қарамастан, жекелеген азаматтар экология саласындағы бұзушылықтарға жол береді.

24 шілдеде басталған алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 17 720 құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4,5 мыңы ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (ӘҚБтК – нің 364-бабы), 289-ы заңсыз аң аулағаны үшін (ӘҚБтК-нің 382-бабы), екі мың адам жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-2-бабы), бес мыңнан астам абаттандыру ережелерін бұзушылар (ӘҚБтК-нің 505-бабы). Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарға рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді болдырмау туралы ескертеді және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауға шақырады. Рейд жүргізу кезінде 182 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды.

Сонымен қатар жедел алдын алу шарасы барысында экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша 27 қылмыстық іс анықталып, қозғалды. Экология саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы