429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрмеге аяқ киімге жасырып телефон кіргізбек болған ақтөбелік анықталды

  • 258
  • UPD: 11:18, 19.08.2020
Түрмеге аяқ киімге жасырып телефон кіргізбек болған ақтөбелік анықталды

Ақтөбелік аяқ киімге телефон жасырып, оны түрмеге кіргізбек болған, деп хабарлады Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру кезінде аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған екі ұялы телефон және екі сим-карта, зарядтағыш құрылғыларды тәркіледі. Мекемеге тыйым салынған заттарды Ақтөбе қаласының Р. М. есімді 1990 жылғы тұрғыны кісі өлтіру бабы бойынша қамауда отырған ағасына жеткізбек болған.

– Азамат Р. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы