426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігі «қанаты сынған» ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады

  • 201
  • UPD: 11:47, 19.08.2020
Қорғаныс министрлігі «қанаты сынған» ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады Inform.kz

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында қанаты сынды делінген қазақстандық ұшақ «Толмачево» әуежайында (Новосібір қ.) екендігі туралы хабарлама пайда болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасалып, аталған ұшақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің балансында тұрғаны айтылған. Осы жайтқан қатысты Қорғаныс министрлігі былай деп мәлімдеме жасады:

– Қазақстан Әcкери-әуе күштерінің (әуе басқару пунктінің) ұшағы жоспар бойынша техникалық қызмет көрсетуден өту үшін Ресей Федерациясы Новосібір қаласындағы «ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ» кәсіпорнында тұр. Жөндеу жұмыстары барысында фюзеляждың жеке бөліктеріне және басқа да түйіндері мен агрегаттарына  уақытша бөлшектеу жұмыстары қажет болуы мүмкін. Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, жұмыс жоспарлы түрде өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы