426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Басшы өз қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек – Президент

  • 198
  • UPD: 15:19, 19.08.2020
Басшы өз қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек – Президент

Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте осылай деді.

«Басшы өз қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек. Сондықтан оны тек жазаға тартудан бөлек, ынталандыру да маңызды. Бұл алдын ала жүйелі шаралар қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуы тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін. Сондықтан әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.

Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың қызметіне жөнсіз араласуды доғарған жөн. Сыбайлас жемқорлық пен басқару ісіндегі олқылықтардың ара жігін нақты ажырата білу қажет», - деді Президент.

Қ.Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

Хабар 24 телеарнасы