Қазақстанда 1 шілдеден бері автомобиль жолдарын алдағы қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қысқы кезеңде қауіпсіз және кедергісіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін көктайғаққа қарсы материалдар мен қар тазарту техникасын дайындау жұмыстары қарқын алған, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда «Қазақавтожол» ЖШС-дегі қысқы техниканың саны 1098 бірлікті құрайды. Осы жылдың соңына дейін жол-эксплуатациялық техниканың қосымша тағы 50 бірлігі мен қажетті жабдықтардың 30 бірлігі алынады деп жоспарлануда.
«Көктайғаққа қарсы материалдардың қоры 13% құрайды. Атап айтқанда, құмның 9,5 мың текше метрі, електің 5,2 мың текше метрі және тұздың 1,9 мың тоннасы дайындалды.
Қазандықтар, жылыту пунктері, қоймалар, көлікжайлар мен тұрақтар сияқты өндірістік базалар 95% дайын», - делінген хабарламада.