421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазан айында еліміздегі мегаполистерде 13 инфекциялық аурухана салынады

  • 85
  • UPD: 17:49, 19.08.2020
Қазан айында еліміздегі мегаполистерде 13 инфекциялық аурухана салынады

Қазан айында еліміздегі мегаполистерде 2700 орындық 13 модульді инфекциялық аурухана салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – COVID-тің жаңа толқынына дайындық шараларының бірі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдарға 30 қыркүйекке дейін екі айға жететін қор жасақталмақ. Оған 24 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде ел аумағындағы дәріханаларда 10 млн дана дәрі-дәрмек бар. Ал, «СК-Фармация» аясында республикалық тұрақтандыру қоры құрылды. 11 өңірлік қор жұмыс істеп тұр. Ауруханаларға қосымша 2,5 мыңнан аса өкпені жасанды желдету аппараты алынды. Оның 1500-і отандық өнім. 24 мыңға жуық төсек-орын оттегімен жабдықталды. Мамандар қазанға дейін аудандық ауруханаларға түгелдей цифрлық рентген аппараты алынатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы