426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағай қалалық ауруханасының жағдайы тексерілді

  • 191
  • UPD: 17:56, 19.08.2020
Қапшағай қалалық ауруханасының жағдайы тексерілді

Қапшағай қалалық ауруханасында пандемия басталғалы 1221 адам ем қабылдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

6 адам коронавирустан, 27 науқас пневмониядан көз жұмды. 634 тұрғын емделіп шықты. Дәрігерлерге Германия мен Ресейден келген білікті мамандар көмектескен. 63 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін бұл ауруханада 2 айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталған. 11 өкпені жасанды желдету аппараты мен 23 оттегі концентраторы сатып алынды. Бұл жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер де белсенді түрде атсалысты. Қазір 32 адам ем қабылдап жатыр. Соның 31-і провизорлық стационарда болса, біреуі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас.

Ерлан Саржанов, эпидемиолог:

- Дәрі-дәрмек қоры бізде стационарлық ауруханада 2 айға дейін жеткілікті. Реанимацияда 3 айға дейін жеткілікті. Науқастардың жағдайы орташа. ИВЛ-аппаратында жатқандар жоқ.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Жалпы енді осы аурухананың дайындығы өте жоғары деп санаймыз. Осы сапарымызда тағы бірнеше аудандарды, сосын Талдықорған қаласындағы поликлиникаларды көріп, мобильдік бригадалар қалай қызмет істеп жатыр, дәрі-дәрмекпен қалай қамтамасыз етілді, дәрігерлерге жалақыларын қалай төлеп жатқанын, сондай мәселелерді жалпы бірыңғай қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы