420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

  • 170
  • UPD: 18:19, 19.08.2020
БҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

Батыс Қазақстан облысында наурыз айынан бері 6 мыңнан астам адам короновируспен ауырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 500 адамның өкпесі қабынған. Медициналық қордан пандемиямен күрес шараларына 1,5 млрд теңге жұмсалды. 6 мыңдай адам тест тапсырды. Қазіргі таңда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Жедел жәрдем қызметін шақырту 4 есеге азайған. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Осыған байланысты облыс бойынша 115 мобильдік топ жұмысын жалғастырып келеді.

Нұржамал Жұмағұлова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының директоры:

- Облыс стационарларында емделуге ерекше жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге 227 млн теңгеден артық, емдеуге 386 млн теңге. ПЦР диагностикаға 60 млн тенгеге келісімшарт жасалған болатын. Жеткізушілерге көрсетілген қызметтермен ерекше жағдайда жұмыс үшін филиал қызметкерлерге шамамен 503 млн теңге бөлінді. Бұл бөлінген соманың 35%-ін құрайды.

Хабар 24 телеарнасы