420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар отандық және шетелдік кинотуындыларды тегін тамашалай алады

  • 185
  • UPD: 22:42, 19.08.2020
Елордалықтар отандық және шетелдік кинотуындыларды тегін тамашалай алады

Қала билігі тұрғындарға арнап «Астана Арена» стадионы маңында арнайы алаңқай бөлген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жерге алып монитор орнатылды. Енді кез келген адам өз көлігімен келіп, отандық және шетелдік кинотуындыларды тегін тамашалай алады.

Данияр Рыскелдиев, ұйымдастырушы:

- Бір күнде екі фильм көрсетеміз. Тұрғындар кешкі сағат 20:30 мен түнгі 22:30 кезінде осында келіп, отандық және шетелдік фильмдерді тамашалай алады. Бұл шара тамыздың 22-сіне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы