429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы елорда әкімін қабылдады

  • 120
  • UPD: 19:53, 19.08.2020
Мемлекет басшысы елорда әкімін қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы елорда әкімін қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алтай Көлгінов бас қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді. Сосын індетпен күрес жұмыстарының нәтижесіне жеке тоқталды. Қазір елордада коронавирусқа байланысты бір тәулікте жедел жәрдем шақыру 500-ден 11-ге дейін азайған. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 4 мыңнан 283 науқасқа дейін кеміді. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Күзде кеселдің екінші толқыны бой көрсетсе, шаһар оған қарсы тұруға дайын. Қазір дәрі-дәрмек қоры барынша толтырылып жатыр. Қосымша оттегі концентраттары сатып алынды. Қалада жаңа оқу жылына дайындық қызу. Биыл 20 мың оқушыға арналған 12 мектеп қолданысқа беріледі. Тұрмысы төмен отбасы балаларына 34500 компьютер сатып алынған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді. Бұл ретте үлескерлік құрылыс, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерінің маңыздылығын атады.

Хабар 24 телеарнасы