421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде құстар қырылып жатыр

  • 279
  • UPD: 20:16, 19.08.2020
Ақтөбеде құстар қырылып жатыр фото: caravan.kz

«Ақтөбе» су қоймасында құстар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұлай деп әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар дабыл қақты Денелерінде ешқандай жарақат жоқ. Атқанға да ұқсамайды. Дегенмен, ондаған шағаланың бірден қырылуы күдік тудырады. Тұрғындар «құстардың өлуіне жақын маңдағы өндіріс орындары себеп болуы мүмкін», дейді. Қазір оқиғаны құзырлы орган мамандары тексеруге кірісті.

Қуаныш Аязов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы:

- Ішінде бұрынғы өлгендер де бар. Ондай қатты емес. 1-2-ден ғана. болды. Қазір олар келген жоқ әлі. Зерттеп жатыр. Тексеріп жатыр. Енді экологтар да барады қазір. Қосылады. Содан соң экспертизаға беретін шығармыз.

Хабар 24 телеарнасы