426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Алматы облысындағы туристер саны 2-3 есе азайды

  • 160
  • UPD: 22:24, 19.08.2020
Биыл Алматы облысындағы туристер саны 2-3 есе азайды фото: zakon.kz

Биыл Алматы облысында туристер саны жылдағыдан күрт азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетісу өңірінде былтыр 2 миллионға жуық адам демалған еді. Оларға шамамен 16 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген. Ал, биыл бұл көрсеткіш 2-3 есеге дейін азайған. Айталық, Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігіне осы жазда небәрі 500 мыңға жуық адам барған. Мамандар «әлі де 300 мыңдай турист келеді» деп отыр. Ол үшін жағажайдағы демалыс маусымы 17 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұрын жаңа оқу жылы басталғанда шомылу маусымы да аяқталатын.

Бақытжан Оразбаев, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Коронавирустың кесірінен көптеген медицина қызметкерлері мына пандемиямен ауырып шыққаны белгілі, өздеріңіз білесіздер. Енді Үкімет тарапынан оларға қазір қаражат бөлініп жатыр. Сондықтан да біздің Алматы облысының Туризм басқармасы туристік маусымды қыркүйектің 1-інен 17-іне дейін созып отырмыз. Бағасы қолайлы, егер де 15 мың теңгеге жазғы маусымда жұмыс жасаса, олар жаңағы 5 мың теңгеге түсіріп, медицина қызметкерлерін қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы