429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сұлулық салондары және фитнес залдары жұмысын қайта бастады

  • 199
  • UPD: 23:38, 19.08.2020

Елордада кәсіпкерлік нысандары жұмысын жандандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кісі аяғы арылмайтын базар, сауда орындарымен қатар сұлулық салондары және фитнес залдары да қызметіне кірісті. Бұл орталықтарда санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- 17 тамыздан бастап фитнес залдары есігін айқара ашқан еді. Мұнда санитарлық талаптар қатаң сақталған. Мәселен, сағат сайын жабдықтарды тазалайды. Ал әрбір 30-40 минут сайын залды желдетеді.

Салауатты өмір салтын ұстанатын жандар үшін жаттығу залдары санитарлық талапқа сай жабдықталған. Кірген бетте әр адамның дене қызуы өлшенеді. Антисептик қойылған. Келушілердің бетперде киюі міндет.

Андрей Лабунец, фитнес орталықтың директоры:

- Әрине, жаттығуды маскасыз жасайды. Себебі жаттығу барысында демалу қиын. Бірақ біздің бапкерлер клиенттерге ескерту жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жуынатын бөлмеде кварцтау жұмыстарын жүргіземіз.

Блиц 1:

- Андрей Лабунецтың айтуынша, карантин бизнеске кері әсерін тигізді. Өйткені кәсіпкерлер табысынан айырылды. Бірақ адамның денсаулығы бірінші орында болғандықтан, жағдайға түсіністікпен қарайтындықтарын айтады.

Андрей Лабунец, фитнес орталықтың директоры:

- Халық қазір жаттығу залына келуге қорқады. Олар маска киіп, спортпен айналысу қиынға соғады дейді. Келушілер саны бұрынғыдан едәуір азайды.

Сұлулық салондары да жұмысын қайта бастады. Мұнда да келушілер барлық санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

Әсел Сакирова, сұлулық салонының қызметкері:

- 10 жылдан бері сұлулық салонында жұмыс істеймін. Тырнақпен айналысқаннан кейін коронавирус болмағанның өзінде бетперде мен перчатка киіп жұмыс істеймін.

Сұлулық мекені мен фитнес орталықтары 5 айдан бері жұмыс істемеген. Қазір ісін қайта жандандырған кәсіпкерлер шығынның орнын толтыру үшін жұмысты барынша оңтайландыруға көшкен. «Ең бастысы – адамдардың денсаулығы», дейді олар.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетов, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы