431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсудың қоғамдық тамақтану орындары карантинді бұзған

  • 120
  • UPD: 10:55, 20.08.2020
Ақсудың қоғамдық тамақтану орындары карантинді бұзған

Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласындағы тамақтану орындары карантин кезінде бірнеше мерекелік кеш өткізген. Яғни жасырын 30 шақты адамға ас берген. Енді иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы Ақсу қаласы бойынша карантин уақытында елуден аса заң бұзушылық тіркелген.

Айдын Жүнісов, Ақсу қаласы  полиция бөлімі басшысының орынбасары:  

- Іс-шараны ұйымдастырған адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал Ақсу қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Жалпы карантин кезеңінде полиция бөлімі мен мониторингтік топтар түрлі деңгейдегі заң бұзушылық деректері бойынша 53 оқиғаны  анықтады.

Хабар 24 телеарнасы