420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде полиция велосипедтерді арнайы тіркеуге алды

  • 165
  • UPD: 08:43, 20.08.2020
Ақтөбеде полиция велосипедтерді арнайы тіркеуге алды

Ақтөбеде барлық велосипедтер арнайы дерекқорға тіркеліп жатыр. Оның маркасы, түсі, шығарған елі мен жеке номері және иесі туралы ақпарат жазылады.

Осылайша тәртіп сақшылары қос дөңгелекті көлік ұрлығын тез арада анықтауға болады деп отыр. Әдетте жаз мезгілінде қолды болған велосипедтерді табу оңай емес. Мәселен, өңірде жыл басынан бері мұндай 109 қылмыстық іс тіркелсе, олардың тек жартысын ғана ашу мүмкін болған. 

Ардана Саймағамбетов, облыстық ПД ЖПБ басшысы:

- Ол велосипедтің паспортын ешкім сақтамайды. Ол велосипедтің нағыз мінездемелерін білмейміз іздестіру жүргізген кезде. Бағдар береміз ғой, ориентировка, сол кезде анықтау қиын болып жүр. Сондықтан осы базаны толтырып отырсақ, келесі жылға да көмегі болады.

Хабар 24 телеарнасы