426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудың жедел жәрдем қызметіне реанимобильдер тарту етілді

  • 184
  • UPD: 09:50, 20.08.2020

Маңғыстау облысының жедел-жәрдем қызметі 10 су жаңа көлікпен толықты. Оның төртеуі соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жарақталған реанимобиль.

Ал қалған алтауы күрделілігі 4-дәрежедегі шұғыл шақыртуларға арналған жедел жәрдем көлігі. Санитарлық машиналарды демеушілер тарту етті. Автокөліктер елімізде құрастырылған. Енді бұл техникалар өңірдегі қала мен аудандардағы емханалардың мобильді бриагадаларына беріледі. 

Ләззат Есенғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жаңа көліктерге қол жеткізіп, қуанып отырмыз. Бұл көліктерді өңірде 2 қала мен 5 аудан бар, соларға бөліп береміз. Пандемия кезінде бізде жедел жәрдем көлігінің тапшылығы болды. Содан облыстық әкімдік шұғыл шешім қабылдап, 32 санитарлық машинамен қамтыды. Қазір жедел жәрдем қызметінің автопаркі біршама толықты.

Хабар 24 телеарнасы