420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ойын-сауық кешендерінің бірінен казино анықталды

  • 126
  • UPD: 09:42, 20.08.2020
Ақтөбеде ойын-сауық кешендерінің бірінен казино анықталды Finance.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қ. ойын-сауық кешендерінің бірінде ұйымдастырылған жасырылған казино қызметінің жолын кесті.

Жедел ідестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғынының үнемі 3-тен 9-ға дейінгі ойыншылардың және ставкаларды қабылдап, карта тарататын дилердің қатысуымен «покер» ойынын ұйымдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, дилер жалпы банкіге салынған ставкалардың 4% покер мекемесінің кассасының, яғни ұйымдастырушының пайдасына кеткен.

Тексеру барысында ойын карталарының жиынтығы, бильярд матасы, белгішелері бар покер кілемі, покер фишкаларының жиынтығы, 280 000 теңге көлеміндегі ақша қаражаты анықталып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 307-бабына сәйкес (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) тергеу ісі басталды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы