424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысына Германия мен Украинадан гуманитарлық көмек келді

  • 246
  • UPD: 10:50, 20.08.2020
Түркістан облысына Германия мен Украинадан гуманитарлық көмек келді

Түркістан облысына Германия мен Украинадан гуманитарлық көмек келіп жетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Көмек медициналық бетперде, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттардан тұрады. Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды. Жалпы саны 4000-нан асатын медициналық препараттар мен қорғаныш бетперделері қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылатын болады», - делінген хабарламада

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмас үшін барлық препаратқа «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады.

Хабар 24 телеарнасы