421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі қайтыс болды

  • 241
  • UPD: 12:34, 20.08.2020
Семейде мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі қайтыс болды

17 тамыз күні Семей қаласының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ тәрбиеленушісі қайтыс болды.

Бұл туралы ШҚО әкімдігінің іnstagram-дағы ресми парақшасы Облыстық білім басқармасының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала көрсетілген өлім себебі ‒ бас миының ісінуі.

«Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мәселені егжей-тегжейлі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Оны ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат басқарады. Жұмыс тобының құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы, ТКҚСҚБД, сондай-ақ қоғам өкілдері кірді.

Әр баланың өлімі ‒ қайғылы жағдай. Сондықтан әр жағдайды толыққанды зерделеп, зерттеу қажет. Айта кету керек, аталған мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы