426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астық сақтаумен айналысатын кәсіпорында еліміздегі алғашқы контейнер алаңы ашылды

  • 262
  • UPD: 14:52, 20.08.2020

Көкшетаудағы астықты сақтаумен және өңдеумен айналысатын серіктестік жанынан еліміздегі алғашқы контейнер алаңы ашылды.

«Аргимер-Астық» серіктестігі дәнді және майлы дақылдарды өңдейді. Өнімдерінің 90 проценті экспортталады. Алайда тауарды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қиындықтар туындайды. Вагондардың шекараларда ұзақ тұрып қалу қаупі басым. Ал жаңа контейнер алаңы тауар тасымалы саласындағы осындай мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етеді. 

Николай Казак, кәсіпорын директоры:

- Біз 1100 контейнерге арналған алаң салдық. Арнайы техника алынды. Бұл жерден тауарларды жібере де, қабылдай да аламыз. Өзге кәсіпорындармен жұмыс істеуге әзірміз. Контейнерлер арқылы өнімдерімізді әлемнің кез келген жеріне жеткізуге мүмкіндік алып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы