426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда ауруханаларында коронавируспен ауыратындар саны 14 есе азайды

  • 207
  • UPD: 14:05, 20.08.2020
Елорда ауруханаларында коронавируспен ауыратындар саны 14 есе азайды Елорда әкімдігі

20 тамыздағы жағдай бойынша, коронавирусқа шалдықандардың саны азайғанын ескере отырып, тоғыз медициналық ұйым жабылды.

КВИ расталған пациенттер саны 2000-нан 95-ке немесе 14 есеге, пневмониямен – 1333-тен 176-ға немесе 7 есеге азайды.

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов «COVID-19» бағдарламасында айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде қала бойынша жағдай толықтай тұрақталды.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы індеттің өрбуі кезінде халыққа медициналық көмек ұйымдастыруда 16 емдеу мекемесі тартылды. Бүгінде 9 стационарды жауып отырмыз. Бірінші соққы әрдайым жедел жәрдем қызметі мен амбулаторлы емхана қызметіне тиеді. Осы орайда біз қазір жедел жәрдемнің материалдық-техникалық базасын нығайтып келеміз. Бүгінде 100-ге жететін бригадалардың санын қызметтің өзінде көбейтуге мүмкіндік туып отыр. Қалалық емханаларда шұғыл көмек көрсету бөлімшелерінде қазірдің өзінде 60 бригада бар», – деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ басқарма тарапынан жедел көмек көрсету үшін 207 мобильді бригада ұйымдастырылғанны айтты. Бригада құрамына медициналық көмек көрсететін учаскілік дәрігер және бейінді мамандардан кіреді. Бірқатар қалалық ауруханалар өздерінің қалыпты режиміне көшіп, жоспарлы жұмыстарына кірісті. Осылайша, қазір ауруханаға ем қабылдау үшін кезегін күткен науқастар, созылмалы аурулары бар науқастар аурухана қабырғаларында қажетті медициналық көмек ала алады.

«Барлық профилактическалық шараларды сақтаған өте маңызды. Маска кию, ара-қашықтықты сақтау, халық көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту», – қорытындылады Тимур Муратов.

Хабар 24 телеарнасы