429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстанда газбен жүретін автокөліктер саны артып келеді

  • 214
  • UPD: 15:07, 20.08.2020
Шығыс Қазақстанда газбен жүретін автокөліктер саны артып келеді

Шығыс Қазақстанда газбен жүретін автокөліктер саны артып келеді. Осы жыл басынан полиция басқармасына көліктерін қайта жабдықтаған азаматтардан 245​ өтініш түскен.

Сәйкесінше көгілдір отынмен жабдықтайтын бекеттер саны да көбеюде. Сондықтан тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Өйткені салғырттық салдарынан өткен жылы еліміздегі Қызылорда және Аягөз қаласында оқыс оқиғалар тіркеліп, бірнеше адам жарақаттанған болатын. Сондай апатты жайттардың алдын алу үшін арнайы рейдтердің маңызы зор дейді мамандар. Қазір 13 көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы көліктерінде газды қолдануға көше тұра, біршама талаптарды ескермеген.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Сергей Коваленко, қалалық полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы​ бөлімінің бастығы:

-​ Егер құжаттау рәсімдері мүлдем жасалмаса немесе толық болмаса онда көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 590-баптың​ 7-бөлімі бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Тіпті құзырлы орган өкілдері аталған​ автокөліктің мемлекеттік тіркеу​ номерін шешіп алып, оны жүргізуге тыйым салуы да мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы