424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұтынушы құқығын қорғау органдарына алты мыңнан астам шағым түсті

  • 150
  • UPD: 15:26, 20.08.2020
Тұтынушы құқығын қорғау органдарына алты мыңнан астам шағым түсті

Соңғы жарты жылда тұтынушылар құқығын қорғау органдарына азаматтардан 6 мыңнан астам шағым түсті. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың хабарлауынша, олардың басым бөлігі қаржы, медицина, көлік пен тұрмыстық қызметтер саласына қатысты.

Ал мейрамханаларға төленген қаражатты қайтару жөнінде 50 өтініш түскен. Жалпы сомасы 8 миллион теңге шағымдардың тең жартысы оң шешімін тапты. Сондай-ақ «Бек Эйр» компаниясына қатысты сот өз мәресіне жетті. Нәтижесінде 990 тұтынушыға 60 миллион теңге қайтарылды.

Қазір «Скат», «Эйр Астана», «Флай Арыстан» компанияларымен де осы мәселе төңірегінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы