429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазалы ауданында коронавирус жұққан соңғы науқас жазылып шықты

  • 216
  • UPD: 17:28, 20.08.2020
Қазалы ауданында коронавирус жұққан соңғы науқас жазылып шықты

Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы инфекциялық бөлімінен соңғы науқас жазылып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет басталғалы аудан бойынша 99 адам коронавирусқа шалдыққан. Бүгінде олардың барлығы да қауіпті вирусты жеңді. Қазалыда 100 орындық провизорлық орталық осыдан 5 ай бұрын ашылған еді. Эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанымен, індеттің беті қайтты деуге әлі ерте. Сондықтан сақтық шараларын ескеріп, гигиена сақтап, көпшілік жерлерде маска тағу міндетті. Айта кетейік, бір апта бұрын аудандағы Қазалы теміржол ауруханасындағы провизорлық стационар да жабылып, қалыпты жағдайда жұмыс істей бастады.

Бақытгүл Әлішова, Қазалы аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– 3 реаниматолог, 3 аймақтық дәрігерлер жұмыс істеді. 6 дәрігерге көп-көп рақмет айтамыз. Ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені осы кісілер батыр болып, науқастарға үлкен көмек көрсетіп, ем жасап, соның арқасында міне, бүгін ең соңғы науқас шығып, қуанышқа бөленіп жатырмыз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы