420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанның бейәдеп қылық көрсеткен бас санитар дәрігерін қандай жаза күтіп тұр

  • 148
  • UPD: 17:40, 20.08.2020
Талдықорғанның бейәдеп қылық көрсеткен бас санитар дәрігерін қандай жаза күтіп тұр

Алматы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов  кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс алуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өңірдің бас санитарлық  дәрігері мемлекеттік қызмет этикасын сақтамады, сондықтан міндетті түрде жауапкершілікке тартылуы тиіс деп есептейді.  Енді олар бірауыздан еліміздің  денсаулық сақтау министрінің атына жұртшылық тарапынан  Сыдымановқа қатаң сөгіс беру туралы ұсыным жолдады. Еске сала кетейік, аталған мемлекеттік қызметші облыстың бас санитарлық дәрігері қызметіне тағайындала салысымен кәсіпкерлермен кездесіп, оларға «басымды қатырмаңдар, менің жұмыс істеуім керек!» деген болатын. Бірақ ертесі күні ел алдына шығып, халықтан кешірім сұрағанын да айта кетейік.    

Ләззат Бейсеқұлова, облыстық әдеп кеңесінің төрайымы:

– Нормаларды бұзғаны үшін әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірауыздан қатаң сөгіс ретінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымды біз денсаулық сақтау министрлігіне ұсынатын боламыз, жібереміз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы