420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда егде жастағы дәрігер жастарға үлгі боп жүр

  • 174
  • UPD: 21:05, 20.08.2020

 

Атырауда 60 жастағы тіс дәрігері он жылдан бері дәстүрлі каратэмен айналысып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемді індет жайлаған кезде де Марат Нығметов бұл әдетінен танбаған.

Шыныққан, шымыр денелі Марат Нығметов бүгінде каратэден көк белдік иегері. Үйінің ауласында жаттығып, күнделікті жүгіруді де жанына серік еткен.17 тамыз күні карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін  қария ашық аспан астындағы 6 айдан кейінгі алғашқы жаттығуға да қатысты. Ол үнемі жастармен бірге жаттығып, өзін әрдайым жас сезінеді екен.

Марат Нығметов, қала тұрғыны:

– Карантин кезінде уақыт көп болды. Сол уақытты пайдаланып, күнде-күнде жаттығу жасадым. Мен 60-қа келдім. Жастармен жаттығам, жүгірем. Өзімді олармен әлдеқайда жас сезінемін.

Күндіз жанын қоярға жер таппай келген тұрғындардың тісін емдейтін Марат Нығметов кешке каратэмен айналысып, өзінің тән саулығын күтеді. Берілген тапсырманы жастармен қатар орындап, кәсіби шеберлігін де шыңдаған.

Айбат Рахман, жаттықтырушы:

– Марат ағамыз 10 жылдай бізге келіп, қатысып, осы дәстүрлі каратэнің жолымен келе жатыр. Үлкен кісілерге жақсы. Спорттық каратэ көбінесе жастарға арналған болса, дәстүрлі каратэ жұмыстан кейін асықпай айналысуға арналған. Ішінде медитациясы бар, тыныс алу гимнастика дейді, соның бәрі бар.

Атырау облысында карантин режимінің 31 тамызға дейін ұзартылуы себепті спортық іс-шаралар енді ашық алаңда қашықтықты қатаң сақтай отырып өткізіледі. Бірақ өз үйінің ауласында жарты жылдай жаттыққан каратэші-тіс дәрігері үшін ашық алаңда спортпен шұғылдану әдетке айналған сыңайлы. Оның айтуынша, таза ауада жаттығу тек тәнді ғана емес, рухты да шынықтырады.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев

 

Хабар 24 телеарнасы