420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда балабақшалардың жұмысы жанданды

  • 148
  • UPD: 20:32, 20.08.2020

Павлодарда бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ондағы қауіпсіздік шаралары қай деңгейде? 

Қарлығаш  Қасиетова, тілші:

– Мектепке дейінгі мекемелердегі кезекші топтардың жұмысын қайта жандандыру үшін балабақша басшылығы «Инфоказахстан.кз» сайтына тіркеліп, мекеменің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетіні жөнінен акт алуы тиіс болған. Ондағы көрсетілген нұсқауларды балабақша қызметкерлері бұлжытпай орындауы тиіс.

Балабақша табалдырығын аттаған әрбір сәбидің денсаулығы мұқият тексеріледі. Медицина қызметкерлері олардың дене қызуын өлшейді. Баланың бойынан ауру белгілері байқалса, бірден үйіне қайтарылады. Әзірге ондай жағдай тіркелмепті. Мектепке дейінгі мекемеде балалар ғана емес олармен жұмыс істейтін барлық қызметкер дезинфекциялық талаптарды сақтауы шарт.

Виолетта Гагарина, медбике:

– Балалардың дене қызуы күніне бірнеше рет өлшенеді. Жалпы, балабақшаға келген барлық адамды тексереміз.  Егер дене қызуы қалыпты жағдайдан жоғары болса кіргізбейміз.

Қазір балабақшалар арнайы бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс істеп жатыр. Кезекші топтарға қойылатын  талап қатаң. Балалардың әлеуметтік арақашықтықты сақтауына да баса мән беріледі.

Ольга Бондарцова,  №2 балабақшаның директоры:

– Алгоритмде көрсетілген шаралар толығымен орындалады. Бөлмелерді желдету, ылғалды тазалау мен кварцтау кестесі артты.

Бүгінде Павлодардағы барлық  балабақшаның  жанынан 300 кезекші топ ашылған. Балалардың келу көрсеткіші үш күн ішінде 13 -тен   27 процентке өсіп отыр.

Бақыт Қырықбесова, қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі:

–Біз балаларды қабылдағанда денсаулық жағдайына байланысты зертханалық анықтамаларды талап етеміз. Бұл – міндетті талаптар. Сонымен қатар ата-аналардың келісімі  жайында  өтініш аламыз. Осы құжаттар  тапсырылғаннан кейін балалар кезекші топқа қабылданады.

Білім беру бөлімі  күн сайын мониторинг жүргізіп, сәбилердің келуін қадағалап отырады. Егер бала саны артса мектепке дейінгі мекеменің аумағына орай  қосымша  топтар ашылады. Санитария талабы бойынша  бір балаға кемінде үш шаршы метр орын болуы керек екен.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы