426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте мұғалімдер жұмысқа онлайн қабылданады

  • 313
  • UPD: 22:31, 20.08.2020

Шымкентте мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі енгізілді. «HR-PROCESS» деп аталатын «ақылды» порталдың таныстырылымына шаһар әкімі Мұрат Айтенов арнайы қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты болдырмау үшін енді педогогтарды жұмысқа қабылдау цифрлық жүйеге ауыстырылып отыр.

Енді Шымкент мектептеріне онлайн түрде жұмысқа тұруға болады. Мегаполисте педагог кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі енгізілген. Қазірдің өзінде порталда бірнеше бос жұмыс орны жарияланыпты.

Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

– 70-тен астам зейнет жасындағы педагогтар орыс сыныптарында әлі білім беруде. Орыс сыныптарында сабақ беретін кез келген мамандық Шымкент қаласының білім ұйымдарында тапшы.

Үміткер ұстаздың жұмысқа орналасуы туралы шешімді портал жариялайды. Содан кейін таңдалған оқытушылар арнайы комиссиямен кездеседі. Осылайша, үздік деп танылған үміткердің есімі әлеуметтік желіде онлайн түрде жарияланады. Мектеп қызметкерлерін іріктеудің жаңа тәсілін мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов те бағалады.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

– Жас мұғалімдерді жұмысқа шақырамыз. Біз әр жылда 7-8 мектеп, 10-ға дейін қазір құрып отырмыз. Жаңа мектептер салып, мұғалімдер жетіспеушілігі болады. Істейтін адамға жұмыс көп.

Информатика пәнінің мұғалімі Элер Хайдаров жаңа жүйе арқылы жұмысқа орналасқан. Оның айтуынша, қазіргі жас мамандарға бұл таптырмас мүмкіндік.

Элер Хайдаров, информатика пәнінің мұғалімі:

– Мен осы сайтқа кіріп, тіркеліп, кейін өтініш тастадым. 2-3 күннен кейін хабарлама келді. Осы жерге келіп, конкурсқа қатысасыздар деді.

Байқау нәтижелерін сайттан еш кедергісіз көруге болады. Жауаптылардың айтуынша, жаңа жүйе үздік мамандарды іріктеуге сеп болмақ.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Катерина Попкова, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы