426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Даяшылардың жұмысына талап күшейді

  • 228
  • UPD: 23:36, 20.08.2020

Енді олар қызмет көрсету орнында бетпердеден бөлек  қосымша қорғаныш экранын киюге міндетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұл ережені сақтамағандар айыппұл төлейді. 

Бұл – әлеуметтік дәмхана. Мұнда ерекше жандар жұмыс істейді. Тамақтану орнында төрт даяшы қызмет көрсетеді. Мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, енді олар қонақтарға қызмет көрсету барысында бетпердеден бөлек, қорғаныш экрандарын киюге мәжбүр.

Эмин Аскеров, әлеуметтік кәсіпкер:

– Менің ойымша, бұл талап қисынсыз. Біздің қызметкерлер орташа есеппен 8 сағат жұмыс істейді. Олардың қорғаныш экранымен жұмыс істеп жатқанын елестете алмаймын.  Өйткені біздің дәмхана әлеуметтік. Олардың көпшілігі естімейді. Сондықтан қызмет көрсетуге кедергі болады.

Кәсіпкер жаңа мұндай ереже туралы бірінші рет естуім дейді. Бұған дейін ешкім ескертпеген.

Эмин Аскеров, әлеуметтік кәсіпкер:

– Мен бұл туралы енді естіп тұрмын. Шынымды айтсам, мұндай шешімнің қалай қабылданғанын түсінбедім. Бірінші кезекте жаңа талаптарды қоғамдық тамақтану орындарымен ақылдасып, түсіндіру керек еді.

Динара Сағатова 2 жылдан бері даяшы болып жұмыс істейді. Бірақ карантинге байланысты жұмыс тәртібіне біраз өзгеріс енген.  Қазір бетперде киіп, қолғаппен жүреді. Мейрамхана қызметкерлері әрбір 2 сағат сайын бетперде ауыстырып отыруға міндетті. Себебі тұтынушылар мен әріптестерімнің денсаулығы бірінші орында  дейді.

Динара Сағат, даяшы:

– Жаңа санитарлық нормалармен таныстым, официантар болашақта қорғаныш экран киеді деген мәлімдеме шықты. Бізге бір айдай ыңғайсыз болуы мүмкін. Бірақ қонақтардың денсаулығы маңызды. Сол үшін де киеміз.

Рестораторлардың да пікірі осыған саяды. Клуб өкілдерінің айтуынша, заң бұзғаны үшін айыппұл мөлшері  230 АЕК яғни 638 мың теңге.  

Вероника Нұрпейісова, Қазақстан рестораторлар клубының президенті:

– Бұл талапты түсінбедік. Дәрігерлердің індетке қарсы арнайы киім киетіні түсінікті. Бірақ олар ыстық тамақ не болмаса су тасымайды ғой. 

Бұрын мейрамханалардан кісі аяғы арылмаса, қазір азайған. 30 адамнан  артық қабылдамайды.

Медет Абдрешов,мейрамхана директоры:

– Қорғаныш экраны туралы айтатын болсам, бірінші кезекте қонақтардың денсаулығы. Жалпы ішкі ресторанда 90 орын болған. Біз 30 орынға дейін қысқарттық. арақашықтық сақталады. Бір столға 6 адам отырады.

Қанша дегенмен қазір дәмхана, мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Қоғамдық орын болғандықтан оларға талап та қатал. Соның бірі енді даяшылар тәіртіпке бағынып, қорғаныш экранын киіп жүруге міндетті. Сақтық та қорлық жоқ.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы