426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықты

  • 156
  • UPD: 10:02, 21.08.2020
Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Спорт комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, С.Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықты, ал оның ұсталғаны туралы алып-қашпа әңгімелер – жалған.

«Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді», - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы