420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мас жүргізушілердің қатысуымен 86 жол оқиғасы болған

  • 155
  • UPD: 12:01, 21.08.2020
Елордада мас жүргізушілердің қатысуымен 86 жол оқиғасы болған

Елордада демалыс күндері «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел алдын алу шарасы өтеді.

Жыл басынан бері мас күйдегі жүргізушілердің қатысуымен 86 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Жол-көлік оқиғаларын азайту және алдын алу мақсатында елордалық полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейтті. Осыған орай, департамент «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел алдын алу шарасы аясында тұрақты түрде рейдтер жүргізеді.

«Мәселен, 19 тамыз күні сағат 02:30 шамасында 41 жастағы жүргізуші мас күйде Chevrolet Cobalt көлігімен Кенесары көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай алты түрлі автокөлікпен соқтығысқан. Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде. Құқықбұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды», – делінген хабарламада.

Жалпы, 2020 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтанда мас күйдегі жүргізушілер 86 жол-көлік оқиғасын жасаған. Сонымен қатар полиция 356 жүргізушіні мас күйде көлік жүргізгені үшін ұстады. Оларға қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

«Егер сіз мас күйінде көлік жүргізу фактісін көрсеңіз, бізге 102, 71-65-12 телефондары арқылы хабарлаңыз», – дейді полиция.

Хабар 24 телеарнасы