420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық полицейлер екі мыңға жуық масканы тегін таратты

  • 135
  • UPD: 13:14, 21.08.2020
Қарағандылық полицейлер екі мыңға жуық масканы тегін таратты

Қарағанды облысының Есірткіге қарсы күрес басқармасының өкілдері қала тұрғындарына «Есірткіге жол жоқ!» деген жазуы бар 2000-ға жуық масканы тегін таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық қордың еріктілерімен бірігіп жасалған акция аясында тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға да бетперделер үлестірілді. Бұдан бөлек, тіркеуде тұрған балалары бар жанұяларда профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл бастама соңғы кезде Қарағанды облысының кей өңірінде кездесе бастаған синтетикалық есірткінің күмәнді жарнамаларына байланысты қолға алынған.

Назерке Жақсыбаева, «Үміт» қоғамдық қорының өкілі:

- Пандемия кезінде көпреттік маска таратып, жастар арасында нашақорлық туралы ақпарат беріп жатырмыз. Нашақорлық бойынша қандай жұмыстар жүргіздік? Білім бөлімімен бірге мектептерде оқушылар арасында профилактикалық жұмыс жүргіздік. Ата-аналармен бірқатар жұмыс жүргіздік.

Хабар 24 телеарнасы