420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы әскери госпитальге COVID-19-бен түскен соңғы науқас жазылып шықты

  • 124
  • UPD: 13:17, 21.08.2020
Алматыдағы әскери госпитальге COVID-19-бен түскен соңғы науқас жазылып шықты ҚР ҚМ

Бұдан бұрын коронавирус инфекциясымен түскен соңғы науқас Алматы қаласындағы Әскери госпитальден емделіп шықты. Ол – 59 жастағы Галина Жукова.

Жалпы, әскери госпитальде 800-ге жуық адам, оның ішінде әскери қызметшілер емделіп шықты. Шамамен 40% науқас сырқаттың ауыр ағымымен қабылданған, сонымен қатар науқастардың жартысынан көбі коронавирустық инфекциядан бөлек қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары, эндокриндік патология секілді сырқаттары бар егде жастағы адамдар болды. Әскери дәрігерлердің алдында міндеттердің бірі ретінде індеттің асқынуын алдын алу және емдеу жүргізу еді.

«Біздің госпиталь эпидемияға қарсы қатаң режимде жұмыс істеу бойынша үлкен тәжірибе жинады. Медициналық персонал аталған патологиясы бар науқастармен жұмыс жасауға дайын, дәрігерлер мен медбикелер өздерінің міндеттерін жақсы біледі, талап етілетін қауіпсіздік шараларын сақтап, сонымен қатар түрлі күтпеген жағдайларда әрекет етуге әзір. Біз тәулік бойы жұмыс атқардық. Барлық дәрігерлер мен медбикелер аса жоғары кәсібиліктерін көрсетіп, танытқан қайсарлықтарының арқасында біз індетті жеңе білдік. Бүгін біз соңғы науқасты емдеп шығардық, бұл барлық медициналық персонал үшін үлкен қуаныш», – деді Алматы қ. Әскери клиникалық госпиталінің бастығы Самат Сәрсенбаев.

Әскери-медициналық мекеме бастығының айтуынша, госпитальдің материалдық-техникалық базасы науқастардың орналасуы мен тамақтану мәселелерімен қоса алғанда емдік-диагностикалық процесті толық көлемде жүргізуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы