426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент тұрғынының көлігінен қару тәркіленді

  • 163
  • UPD: 14:40, 21.08.2020
Шымкент тұрғынының көлігінен қару тәркіленді

Шымкенттік полицейлер көлік жүргізушісінен қару тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

14 тамыз күні сағат 23:40 шамасында «Daewoo Matiz» маркалы автокөлікті тексеру барысында көліктің орындығы астындағы сөмкеден «Премьер» маркалы қара түсті тапанша тәркіленді.

Оны «Қару» жедел-профилактикалық шарасы барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 2-рота №754 және №756 автоэкипаж қызметкерлері анықтаған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы