426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырған 78 науқастың жағдайы ауыр

  • 148
  • UPD: 15:17, 21.08.2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 78 науқастың жағдайы ауыр

Елімізде кесел жұқтырғандар саны біртіндеп азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 256 адамнан вирус анықталған. 1470 науқас емделіп шықты. Осылайша, індеттің ілмегіне ілінгендердің жалпы саны 104 мыңнан асты. Вирус жұқтырғандардың 88 мыңға жуығы айыққан. Өкінішке қарай, 1481 адам көз жұмды. Қазір 14570 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 62-сі бала. Науқастардың көбі үйінде емделуде. Дәрігерлер «ауруханада жатқан 355 адамның жағдайы ауыр» дейді. 78 науқастың хәлі тіпті мүшкіл екен. 49 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Хабар 24 телеарнасы