421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


24 тамыздан бастап елордадағы қоғамдық көлік саны артады

  • 207
  • UPD: 15:59, 21.08.2020
24 тамыздан бастап елордадағы қоғамдық көлік саны артады

Жолаушылардың артуына байланысты осындай шешім қабылданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, қала ішінде жүретін бағыттарға 49, ал қала сыртына қатынайтын бағыттарға қосымша 67 автобус шығарылады. Қоғамдық көліктердің жалпы саны 781-ге жеткізіледі. Автобустар кешкі сағат 22:00-ге дейін жүреді. Жолаушылар оған бетпердесіз кіргізілмейді. Тек қолма-қол ақшасыз төлем қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін 23 бағыттағы қоғамдық көліктер саны көбейтілген еді.

Хабар 24 телеарнасы