420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волонтерлер бес қаланың тұрғындарына маска таратты

  • 182
  • UPD: 16:30, 21.08.2020
Волонтерлер бес қаланың тұрғындарына маска таратты

Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына SK Volunteer Волонтерлер лигасының белсенділері 5000-нан астам бірнеше реттік қорғаныс маскаларын таратты.

Олар негізінен көшеде жүрген зейнеткерлер мен балаларға берілді.

«Бұл – біздің бастамамыз. Бірінші кезекте азаматтарымызға алдын алу шараларын, жеке қауіпсіздікті және маска режимін сақтау қажеттілігін еске салғымыз келді. Бірнеше рет қолдануға болатын сапалы және көпреттік маскаларды таңдадық», – деді Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.

Хабар 24 телеарнасы