428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Іле ауданында сервистік әкімдік ашылды

  • 178
  • UPD: 20:00, 21.08.2020

Алматы облысы Іле ауданының орталығында сервистік әкімдік ашылды. Бұл кеңседе аудандағы 9 мемлекеттік мекеме 60-қа жуық қызмет түрін көрсетеді.

Әкімдікте жылжымайтын мүлікті рәсімдеу, құрылысқа рұқсат алу, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, электронды цифрлық қолтаңба аштыру секілді жұмыстар атқарылады. Жалпы сервистік әкімдік жүйесінің басты қағидасы халыққа барлық мемлекеттік қызметті бір ғимаратта көрсетіп, сапалы әрі жылдам қызмет ету.

Гауһар Елеусізқызы, ауыл тұрғыны:

- Біздің Өтеген батыр ауылы өте үлкен ауыл. Бір шетінде басқа мекеме болса, басында басқа мекеме орналасқан. Қазір осы сервистік әкімдік ашылып, осы жерде барлық құжаттарымызды, анықтамаларымызды алуға мүмкіндік туып отыр.

Хабар 24 телеарнасы