426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім беру мекемелері жылу беру маусымына қаншалықты дайын

  • 179
  • UPD: 17:47, 21.08.2020
Білім беру мекемелері жылу беру маусымына қаншалықты дайын 44.alschool.kz

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдардың алдағы жылу беру маусымына дайындығы барысын қадағалап отыр.

Әкімдіктердің деректері бойынша қазіргі уақытта республика көлемінде жылыту маусымына дайындық шамамен 70% құрайды.

2020-2021 жылғы күзгі-қыс кезеңіне дайындық жоспарына сәйкес биылғы 1 қыркүйекке дейін елімізде білім беру объектілері 100% дайын болады. Барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілері 2020 жылғы 15 қазанға дейін дайындалады.

Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режимінде жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы